Анықтама
№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің 2022-2023 оқу жылында Атырау қаласы білім бөлімі Облыстық білім беру басқармасының 2022 жылғы 26 тамыздағы №06-01-06-02-4/4451 хаты бойынша, 7 қыркүйек күні сағат 16:00 –де 9-11 сынып оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен «Адалдық сағаты» бірыңғай сабағы өткізілді. Аталған бірыңғай сабақ мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселері тақырыбына арналды.
Департамент тарапынан шараны ұйымдастыру үшін жіберілген әдістемелік көмегін пайлана отырып,оқушыларға сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер туралы түсінік беріліп, «Адалдыққа үндеген поэзия падишасы Фариза»тақырыбында Ф.Оңғарсынованың өмірі жайында ақпаратпен таныстырылды. Өткізілген іс-шара әлеуметтік желілерде жүктелді.
https://5-musirepov.edu.kz/syb-jl-s-zhemk-rlykpen-res.html#sigFreeId57c57a1184